Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

«Сергек» жаяу жүргіншілерді өткізбейтін жүргізушілерді тіркейтін болады

фото:polisia.kz

Министрлік мәліметінше, 11 айда 556 жаяу жүргінші қайтыс болды, оның 478-і жаяу жүргіншілер өткелінде көз жұмды.

Sergek интеллектуалды жүйесі жаяу жүргіншілер өткелдерінде адамдарды елемейтін жүргізушілерді тіркейтін болады. Пилоттық жоба Алматыда іске қосылды.

Министрлік мәліметінше, 11 айда 556 жаяу жүргінші қайтыс болды, оның 478-і жаяу жүргіншілер өткелінде көз жұмды.

Бұдан былай Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 600-бабына сәйкес “Жаяу жүргіншілердің немесе жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жүруіне басымдық бермеу” тіркелетін болады.

Мысалы, егер автокөлік жаяу жүргіншіден кейін жүрсе, бұл жол жүрісі қағидасын бұзу болып саналмайды. Ал егер жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермесе және тоқтамаса, оған айыппұл салынады. Егер жаяу жүргінші де, көлік құралы да бір қиылысу аймағында болса, бұл әкімшілік құқық бұзушылық болып тіркеледі.

“Интеллектуалды жүйе жол жүрісі қағидаларын бұзуды тіркеп қана қоймай, жол-көлік оқиғаларының алдын алып, ықтимал қауіпті жүргізушілерді анықтайды. Жаңашылдықтардың бірі – жаяу жүргіншілерді өткізбейтін жүргізушілерді тіркеу”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар интеллектуалды жүйе пилоттық режимде жүргізуші мен көлік құралының алдыңғы орындықтарының жолаушыларында бекітілмеген қауіпсіздік белдігі сияқты бұзушылықтарды тіркейді.

Сәйкес жаңалықтар

1 қазаннан бастап пойыз билеттері қымбаттайды

Жамбыл облысында 26 көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды

Бағамдай алмаған саяси көрсоқырлық бізді орны толмас өкініштерге тап қылуы мүмкін – Бапи