Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Общество

Серік Күдебаев ұсталып, елге жеткізілді

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев ұсталды. Бұл ақпаратты Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов растады.

«Серік Күдебаев ұсталып, Қазақстанға әкелінді ме?» деген журналистердің сұрағына бас прокурор «иә» деп қысқаша жауап берді.

Айта кетейік, Серік Күдебаев 2023 жылдың 3 сәуіріндегі сотқа келмеді. Осыған байланысты Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланған еді.

Серік Күдебаев 2020 жылдың қаңтарынан бері Алматы облысының полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды. 2022 жылдың 18 ақпанында ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылған.

Сәйкес жаңалықтар

Конституционные реформы меняют концептуальные подходы и повышают качество закона: сенатор Бекназаров

Аида Балаева: Для туристической отрасли особенно важны предсказуемые правила и доверие

JAQ.OrtCom предупредил о распространении дипфейков с участием иностранных знаменитостей