Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Шымкентте 77 млн теңге қарызы бар жүргізуші ұсталды

Фото: otyrar.kz

Шымкент қаласында «Қорғау» қосымшасы арқылы қалалық Полиция департаменті жедел басқару орталығының қызметкерлері төленбеген қарыздары бар көлік жүргізушісі туралы хабар алып, оның 77 млн теңге берешегі бар екенін анықтады.

Полиция көлік жүргізушісін Түркістан көшесінде тоқтатып, қарызын өтеу туралы ескертті. Содан кейін оның көлігі айыптұраққа қойылды. Енді жүргізуші қарыздарын төлеген соң автокөлігін қайтара алады.

«Қорғау» қосымшасы Шымкентте жалған нөмірлер, өтелмеген қарызы бар азаматтар мен басқа да заң бұзушылықтарға жиі жол беретін жүргізушілерді анықтап жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

TikTok-та құмар ойын ұйымдастырған 2 адам сотталды

Обырды дер кезінде анықтау маңызды

Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық іс жабылды — ІІМ