Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Общество

Әскери қызметкерлердің жалақысы өседі

Бүгін Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Сенат отырысында Әскери-әуе күштерінің ұшқыштары, әскери жоғары оқу орындарының оқытушылары мен әскери дәрігерлердің жалақысы 30%-дан жоғары өсетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қорғаныс министрінің орынбасары атап өткендей, бүгінде кейбір әскерилердің жалақысын көтеру туралы ұсыныстар қолдау тапты.

«Үкімет әскери-әуе күштері ұшқыштарының жалақысын көбейту туралы ұсынысты қолдады. Биыл әскери жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысын азаматтық жоғары оқу орындарының деңгейіне дейін көтеру мәселесі қарастырылып жатыр. Әскери қызметкерлердің келесі санаты – әскери дәрігерлер. Жалақыны азаматтық сектордағы медицина қызметкерлерінің деңгейіне дейін көтеру ұсынысы да Үкімет тарапынан қолдауға ие болды», деді Сұлтан Камалетдинов.

Сәйкес жаңалықтар

Новая Конституция В защиту собственности и инвестиций

ЦБД назвал основные темы дезинформации в июле

Марат Султангазиев обсудил с коллективом индустриально-логистического центра «ДАМУ» вопросы верховенства закона и устойчивого развития