Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Заң мен тәртіпҚоғам

Түрме – ешкімнің түспеуі тиіс жер

Таза парақтан басталған өмір: сотталғанның арманы

23 жастағы сотталған қыз өз қылмысының ойланбай жасалған қадамның салдары болғанын мойындады. Айтуынша, Telegram желісінен жеңіл табыс туралы жарнаманы көріп, оның салдарын түсінбестен келісім берген. Бастапқыда тек несиелерін жауып, бұл іспен тоқтаймын деп ойлаған. Алайда әр іс үшін жауап беру қажет.
Полиция қызметкерлері оның заңсыз әрекетінің жолын кесті. Сот оны 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Қазір ол істеген ісінің ауырлығын толық түсініп, шын жүректен өкінеді. Жазасын өтеу барысында бостандықтың, отбасының және әсіресе кішкентай балаларының қадірін ұққан. Сотталғанның айтуынша, түрме – ешкімнің түспеуі тиіс жер. Ол бостандыққа шыққан соң өмірін таза парақтан бастап, тек адал және заңды жолмен өмір сүретінін айтты.

Сәйкес жаңалықтар

Тұсауланған жүк транзиті

Утильалым жұмыс тобының отырысы өтпей қалды: министрлік мәлімдеме жасады

Адамдардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты