Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Қызылордада 25 пәтерге түскен әккі ұры ұсталды (ВИДЕО)

Фото: polisia.kz

Қызылорда облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері әккі ұрыны кезекті бір үйге түскен жерінен ұстады.

Ол үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пәтерге терезеден кіріп, әшекей бұйымдарды алып кеткен. Ол Түркістан облысының 26 жастағы тұрғыны болып шықты.

Жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен басқа да заттай айғақтар тәркіленді.

Тергеу кезінде күдіктінің облыс аумағында 25 пәтер ұрлығын жасап, сол арқылы жәбірленушілерге жалпы сомасы 19 миллион теңге материалдық шығын келтіргені анықталды.

Полицейлер ұрының осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғын тексеруге кірісті.

Күдікті қамауда. Тергеу жалғасып жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастықтың алдында тұрған негізгі мәселелерді шешу үшін діни көшбасшылардың күш-жігерін біріктіру басты назарда

Қызылорда қаласындағы президенттік кітапхана құрылысының жобасы пысықталды

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады