Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Общество

Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты «Ақтөбе-Алматы-1» пойызы қатынамайтын болды

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауы жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесінің бұзылуына себеп болды, деп хабарлайды Kazinform.   

«Осыған байланысты Ақтөбе станциясынан жүретін №34 Ақтөбе-Алматы-1 пойызының жүрісі 16 желтоқсан күні уақытша 1 күнге тоқтатылады. Бұл құрам кесте бойынша 21 сағатқа кешіктіріліп жатыр», — деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.

Қосымша ақпаратты «1433» тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT» бот жеделхатынан алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысының Қордай және Шу аудандарының аумағында қатты жел мен аяздың салдарынан 14 желтоқсанда жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкент поддерживает курс на Справедливый Казахстан – Коалиция

Торжественного закрытия месячника «Есірткісіз болашаққа ұмтыл», посвященного Международному дню борьбы с наркоманией и наркобизнесом

Страны, соблюдающие закон и порядок, входят в число самых безопасных государств мира — Женис Касымбек