Олимпиаданы ұйымдастырушылар барлық спорт түріне билет сатылымын жариялады

0
25
Фото: ispace.news

Биыл Парижде өтетін Олимпиялық ойындардың ұйымдастыру комитеті спорттық іс-шараларға билеттердің жаппай сатылымы басталғанын жариялады, деп хабарлады Olympic.kz.

Акция кеше басталды. Ұйымдастырушылар билет сатып алып үлгермеген жанкүйерлерге сыйлық жасап, Олимпиаданың басталуына 100 күн қалуын атап өтті.

Осы іс-шарада 250 мың билет сатылымға шығарылды.

Билеттердің ең төменгі бағасы 24 еуро болды. Ұйымдастырушылар мұндай билеттердің 20 мың данасын ұсынды. Басқа билеттердің бағасы спорт түріне байланысты болып, ол шамамен 1 000 еуроға дейін барады. Оларды әлі де интернет арқылы тек ресми билет платформасынан сатып алуға болады. Қонақжайлылық пакеттері де бар. Онда билеттермен бірге тұрғын үй ұсынылады. Жанкүйерлер өзінің шамасына қарай кез келген орналасатын жерді таңдай алады. Қонақжайлылық пакеттерді On Location платформасы арқылы сатып алуға мүмкіндік қарастырылған, – делінген хабарламада.

Олимпиада және Паралимпиада ойындарына билеттердің жалпы саны 13 миллионнан асады.

2024 жылғы Олимпиада Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз