Оралда өрт салдарынан 2 адам қайтыс болды

0
270
Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Оралда өрт салдарынан 2 адам қайтыс болды, БҚО ТЖД баспасөз қызметі  .

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 тамызда сағат 05:19-да Орал қаласы Есенжанов көшесі, 1/1 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жеткен қызметкерлер осы мекенжай бойынша көпқабатты тұрғын үйдің 8-қабатында қосалқы үй-жай өртенгенін анықтады. Өрт шамамен 60 шаршы метр аумақта болды.

Өрт сөндірушілердің күшімен 18 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылып, 27 адам , оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. Пәтерлердің бірінен улану белгілері бар 1973 жылы туған ер адамның денесі табылды. Сондай-ақ 1979 жылы туған әйел жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Бұған қоса 1965 және 1937 жылы туған 2 адам орташа ауырлықтағы көміртегі тотығымен улану диагнозымен облыстық ауруханаға жатқызылды, – делінген ТЖД хабарламасында.

Оқиға орнында Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің 68 өрт сөндірушісі мен 20 техника жұмыс істеді.

Өрт сағат 06.09-да оқшауланып, сағат 06. 34-те толығымен сөндірілді.

Өрттің себебі анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша отты абайсыз пайдалану нұсқасы қарастырылып жатыр. Өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнында сынақ өрт зертханасы жұмыс істеп жатыр.

Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз