ПАРА БЕРУ ДЕ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ

0
546

Пара беремін деп жауапқа тартылды. Тергеу изоляторының бастығына ақша ұсынбақ болған әйел 3 миллион теңге айыппұл арқалады. Түзеу мекемесіндегі күйеуіне жақсы жағдай жасауын өтінген ол 1500 АҚШ долларын беруге тырысқан. Мекеме басшысы ұсыныстан бас тартып, әйелді сол сәтте қолға түсірген.

Бұл әйел түзеу мекемесінің бастығына пара беріп жатқан сәтте қолға түсті. Ол ақшаны темір торда жазасын өтеп отырған күйеуіне жақсы жағдай жасау үшін тергеу изоляторының басшысына бермек болған. Күдік тудырмау үшін ұсынбақ болған соманы кітапқа жасырған.

Азаматтық некедегі жолдасына жақсылық жасамақ болған әйелге 3 млн. теңге айыппұл салынды. Ал келіншегі арқылы пара беруді ұсынған жазасын өтеуші енді абақтыда 11 емес, 13 жыл отырады. Сот оның жазасына тағы екі жыл қосып берді.

Ал, Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, танысы автокөлік алып беремін деп, алаяқтық жолмен 2.000.000 теңге ақшасын иемденіп кетіп, осы күнге дейін уәдесін орындамай қашып жүргенін жазып көрсеткен.

Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Осылайша құқық қорғаушылар екі бірдей құқықбұзушылықтың алдын алды.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ