Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

0
59
фото: Halyq Uni

1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Парламент палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылдың 1 қыркүйегі сағат 11:00-де Астана қаласында шақырылсын», – деп жазылған құжатта.

Парламент палаталарының бірлескен отырысын, палаталардың депутаттарына алдын ала хабарлай отырып, Мәжiлiс төрағасы шақырады. Бұл ретте Мәжiлiс төрағасы Парламенттiң бірлескен отырысын шақыру туралы өкiм шығарып, оны Парламент депутаттарына хабарлайды.

Парламент палаталарының бiрлескен отырыстары кезiнде Парламент пен оның палаталары жұмыс органдарының отырыстары өткiзiлмейдi.

Парламенттің отырысы оған әр палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда құқықты болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ