Павлодар облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды

0
148

Павлодар облысында жол апатынан 40 жастағы әйел адам қаза тапты.

Оқиға 25 сәуір сағат 15:30 шамасында Астана-Павлодар тасжолының 1207/142 шақырымында Екібастұз қаласы Бәйет ауылы маңында болған.

47 жастағы Hyunday Solaris автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, Daimler Chrysler жүк көлігінің тіркемесінің артқы бөлігіне соқтығысқан. Апат салдарынан Hyunday көлігінің 40 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, 16 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Көліктер арнайы тұраққа қойылды. Сараптама тағайындалды. Тексеріс жүргізіліп жатыр.

фото: Polisia.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ