Павлодарда 53 млн теңгеге салынған мұз қалашығы еріп кетті

0
71
Фото: видеодан кадр
Ауа райын болжау орталығы өңірде қыстың жылы болатынын екі ай бұрын хабарлап, ескерткен

Павлодар қаласында 53 млн теңгеге салынған мұз қалашығы бір ізі қалмай, түгел еріп кетті.

Qazaqstan телеарнасының хабарлауынша, мұз қалашығы толассыз жауған жаңбыр мен ауа райының күрт жылынуынан еріп кеткен.

Ауа райын болжау орталығы өңірде қыстың қарсыз, жылы, жаңбырлы болатынын екі ай бұрын хабарлап, ескерту жасаған. Мәселен, бүгін +3 градусқа дейін жылып кетті. Алдағы күндері, тіпті, қаңтар айында да, күн жылы болатыны көрсетілген. Сондықтан дәл биылғыдай жылымыққа қарамастан Жаңа жылды тойлауға 185 миллион теңге бөлген жергілікті әкімдіктің әрекеті көпшілік тарапынан сынға ілікті, – делінген материалда.

Құқық қорғау органдары қаржылық талдау жасалып, тексеру жүргізілетінін мәлімдеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ