Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Саясат

Қазақстанның баспасөз хатшылары АҚШ құрылымдарында біліктілігін арттырады

Еліміздегі баспасөз хатшылары АҚШ құрылымдарында біліктілігін арттырады. Бұл жайында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қазақ тілінде контент жасаушылардың VI форумында мәлім етті.

Министр ведомство тарапынан медиасауатты арттыру бағытында да бірқатар шара қабылданғанын айтты.

«Бұл үшін біз жаңа медиалар аштық. Қазіргі кезеңде көптеген әдістемелер, семинарлар өткізіле бастады. Таяуда ғана АҚШ елшілігінің қолдауымен баспасөз қызметі жөнінде үлкен жиын, семинар өтті және кітаптың тұсаукесері болды. Таяуда біз тағы да АҚШ елшілігінің қолдауымен Қазақстандағы баспасөз хатшыларын АҚШ-тың белді құрылымдарына апарып, біліктілігін арттыру курсын жалғастыруды жөн көріп отырмыз. Ол үшін тағы да рахмет айтамын»,  деді Дархан Қыдырәлі.

Сәйкес жаңалықтар

Шетелдік БАҚ-тағы Қазақстан: Ерлан Қариннің мақаласы және жаңа цифрлық кәсіпорын

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Иран президенті Масуд Пезешкианды ұлықтау рәсіміне қатысты.

Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VIIІ Консультативтік кездесуіне қатысты