Президент атынан 5 жас ғалымға пәтер кілті табыс етілді

0
39
фото:Ғылым және жоғары білім министрлігі
Бұл туралы  Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 5 жас ғалымына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан пәтер кілті табыс етілді. Бұл туралы  Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

«ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған шарада жас зерттеушілерге пәтер сертификатын ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин салтанатты түрде табыстады.

Жаңа пәтердің иесі атанған жас ғалымның бірі – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Молекулалық биология және генетика кафедрасының ғылыми қызметкері Әйгерім Қуанбай.

Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жас ғалымы, ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыс кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Нұргүл Амангелді 2 бөлмелі жаңа пәтердің иесі атанды. Бүгінде жас зерттеуші бидай дақылдарының потогенттерін анықтау бағытында ғылыми жұмыстармен айналысады», – делінген хабарламада..

ПІКІР ҚАЛДЫРУ