Президент бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады

0
106

Мемлекет басшысы бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашаладым. Жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын!

Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы!» – деп жазылған Президенттің Twitter-дегі құттықтауында.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ