Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСаясат

Президент Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипе мен оның отандастарын осы елдің ұлттық мерекесі – Испан халқы күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Испания арасындағы достық пен түсіністікке негізделген қарым-қатынастың түрлі салада нығайып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипенің бастамаларына сәттілік, ал достас испан халқына бақ-береке тіледі.

Сәйкес жаңалықтар

Бүгін Астанада X Республикалық WorldSkills Kazakhstan 2025 чемпионаты басталды

Көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны анықталды

Қазақстанның ТЖМ құрамасы қоян-қолтық ұрыс чемпионатында лайықты нәтиже көрсетті