Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарЭкономика

Президент KazPan сэндвич-панелдерін өндіретін зауытты аралап көрді

Астана қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаевқа кәсіпорын Kindus оңтүстіккореялық өндірісінің жоғары технологиялы автоматтандырылған желісімен жабдықталғаны жөнінде баяндалды. Зауыт жылына 1,8 миллион шаршы метрге дейін өнім шығара алады.

Мұнда заманауи жабдықтармен және технологиямен жұмыс істеу үшін Kindus-тың инженерлерді оқыту курсынан өткен 50 маман еңбек етеді. Бүгінде сэндвич-панелдер өнеркәсіптік, логистикалық, әкімшілік, спорттық және басқа да нысандардың құрылысын жүргізуде сұранысқа ие екені айтылды.

Мемлекет басшысы еңбек ұжымымен әңгімелесу барысында зауыттың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға басымдық беретініне және еліміздің инфрақұрылымын дамытуға зор үлес қосатынына сенім білдірді.

 

Сәйкес жаңалықтар

Мемлекет кірісіне қосымша 525 млрд теңге аударылды

Ереван қаласында Абай Құнанбайұлы атындағы саябақтың салтанатты ашылуы өтті

Алғыс айту күні: Ұлттық ұлан жауынгерлері бейнеқұттықтау жолдады

zamandas69@mail.ru