Президент Жолдауындағы тапсырмалар орындалып жатыр

0
120

2022 жыл 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған Жолдауындағы тапсырмалар орындалып жатыр.

ТАПСЫРМА:

Қазақстан Республикасы Президентінің президенттік өкілеттіктерді атқару мерзімінде саяси партияға мүшелігін тоқтату міндетін заңнамада бекіту; Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдары мен квазимемлекеттік сектор басшылары лауазымдарын атқаруына тыйым салуды заңнамада бекіту.

ОРЫНДАЛДЫ:

2022 жылы 8 маусымда тиісті Заң қабылданды.

43-баптың 3-тармағы. Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс.

43-баптың 4-тармағы. Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының қызметтерін атқаруға хақысы жоқ.

 

ТАПСЫРМА:

Мажоритарлық жүйе бойынша сайланған депутаттар үшін императивті мандат енгізе отырып, азаматтарға сайлану мүмкіндігін беретін аралас сайлау жүйесіне көшу: Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне депутаттардың 30 пайызы – мажоритарлық жүйе бойынша, 70 пайызы – партиялық тізімдер бойынша.

ОРЫНДАЛДЫ

2022 жылы 8 маусымда тиісті Заң қабылданды.

50-баптың 3-тармағы. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен аралас сайлау жүйесі бойынша: біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік ету жүйесі бойынша, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын тоқсан сегіз депутаттан тұрады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ