Президенттің қолдауымен Маңғыстаудағы көп жылдан бергі ауыз су мен жылу мәселесі толық шешілді  

0
22

Маңғыстау облысында соңғы жылдары Президент тапсырмасымен ұзақ уақыттан бері қордаланған инфрақұрылым мәселелері шешілді. Олар Кеңес заманынан бері күн тәртібінен түспей келген еді. Бүгінде өңір қарыштап дамып, әр салада ауқымды жобалар жүзеге асуда. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы осы және Ата заңның жаңа нормалары туралы облыс тұрғындарымен сөйлесті.

Жұртшылықпен кездесуде Ерлан Қошанов Маңғыстаудың қуатты өнеркәсіптік әлеуетіне қарамастан, өңірде ондаған жылдар бойы тұрғындардың орынды наразылығын тудыратын мәселелер жиналып қалғанын атап өтті. Осыған орай, Мемлекет басшысы алты жыл бұрын бұл мәселелерді шешу және Өңірді дамыту жөніндегі кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды, оны іске асыруды ол өзінің жеке бақылауында ұстады. Барлық қажетті ресурстар бөлінді. Бүгінгі таңда жоспар толық орындалып, маңғыстаулықтар оның нәтижелерін көріп отыр.

– Ең бірінші және ең өзекті мәселе – ауыз су тапшылығы болды. Бұл мәселе Кеңес дәуірінде де, Тәуелсіздік жылдарында да толық шешілмеген еді. Ол мәселені өз шығармаларында Әбіш Кекілбаев та жазған болатын. Президенттің жүйелі қолдауының арқасында өткен жылы Маңғыстауда ауыз су проблемасы толық шешімін тапты. Каспий су тұщыту қондырғысының қуаты артты, Түпқарағанда, Кендірлі мен Жетібайда жаңа су тұщыту қондырғылары іске қосылды, – деді Мәжіліс спикері.  

Сондай-ақ өңірде электр қуатының үзілуі мен ажыратылуы тоқтады. Қазір баламалы энергия көздері жүйелі дамып келеді, соның ішінде Жаңаөзендегі бірегей гибридті электр станциясы бар. Мемлекеттік қолдауымен МАЭК жаңартылып, жылу және электр желілері жөндеуден өткізілуде.

Әлеуметтік инфрақұрылым мәселелері кешенді түрде шешімін табуда. Соңғы екі жылда «Келешек мектептері» жобасы аясында 13 заманауи мектеп салынды, жақын арада үш ауысымды мектептердің мәселесі толық шешіледі. Жаңаөзенде заманауи Оқушылар сарайы пайдалануға берілді, Ақтауда халықаралық стандарттарға толық сай келетін жаңа мұзайдын ашылды. Облыс орталығында жедел көмек көрсетуге арналған көпфункционалды орталық бой көтерді, ал Мұнайлы ауданында көпсалалы аурухана іске қосылды.

Президент тарапынан өңірлік экономиканы дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Жалпы алғанда Мемлекет басшысының жеке бақылауына алынған, облыстың экономикасын айтарлықтай әртараптандыратын 52 міндет бар. Атап айтқанда, келесі алты жыл ішінде облыста 10 триллион теңге тұратын 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ. Өңдеуші өнеркәсіп, логистика, туризм және ауыл шаруашылығы саласындағы ірі жобалар шамамен 10 мың жұмыс орнын құруға жол ашады. Жаңаөзенде салынып жатқан газ өңдеу зауытының да өндірістік әлеуеті зор.

Өз кезегінде өңір тұрғындары Маңғыстау облысына ерекше көңіл бөлгені үшін, жергілікті жұртшылыққа деген қамқорлығы үшін Президентке шынайы алғыстарын жеткізуді өтінді. Бүгінде өңірде тұрмыс сапасы жақсарып келеді. Адамдар су, жылу, электр қуатының тоқтап қалуы сынды келеңсіздіктерді ұмытты, облыстың әрі қарай дамуы үшін берік негіз қалыптасты.

Негізі күн тәртібіне көшкен Мәжіліс төрағасы жаңа Ата заң жобасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттік қызметке кіріскен алғашқы күнінен бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылған жүйелі реформалардың нәтижесі екеніне атап айтты. Бұл реформалардың аясында баршаға тең мүмкіндік туғызуға берік негіз қаланып, биліктің бір қолға шоғырлануы мүмкіндігі жойылды, елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару процесі басталды.

Осы қадамдардың өзегінде – әділеттілік, теңдік пен бірлік идеясы тұр. Заң мен тәртіп соның берік іргесі болып қалануда. Бұл қоғамның санасына серпіліс берген басты құндылықтарымызға, негізгі қағидаттарымызға айналды. Жаңа Ата заң – осы жүйелі жұмыстың заңды жалғасы, түпкі түйіні. Ең негізгісі, мұның бәрі – халықтың сұранысынан туындап отыр. Сондықтан елдің болашағына бағытталған баптар, преамбулада көрініс тапқан құндылықтар, халықтың қалауынан туған қағидаттар – бәрі Президенттің жүрегінен шыққан деуге болады. Бір сөзбен айтқанда, жаңа Конституцияда Мемлекет басшысының жылдар бойғы ой-толғамдары халықтың үнімен үндесіп тұр, – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс төрағасы ғаламдық тұрақсыздық күшейіп тұрған кезеңдерде Президент сыртқы саясатта сындарлы бағыт ұстануға үлкен күш жұмсап,  сол арқылы әлемнің барлық елдерімен серіктестік пен тең құқыққа негізделген қарым-қатынасты қамтамасыз етіп отырғанын ерекше атап өтті. Елге инвестициялар салынып, шет мемлекеттердің басшылары келіп, Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға ниет танытуда. Бүгінде жаһанда аумалы-төкпелі ахуал белең алған тұста ішкі тұрақтылық пен қоғамның бірлігі ерекше маңызды. Тек осы арқылы Қазақстан дамып, алға жылжи береді.

Сондай-ақ кездесу барысында Ата заң жобасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, цифрландыру және мемлекеттің әлеуметтік міндеттері мәселелері де көтерілді. Жергілікті тұрғындар жаңа Конституция парадигмасының ауысуы, жер асты қазба байлықтарына емес, адам капиталын дамытуға бағытталғанын талқылады. Енді Қазақстан тек минералдық ресурстарға емес, интеллектуалдық ресурстарға, білім экономикасын құруға иек артады. Сондықтан құжатта ғылым, білім және инновацияларды дамыту нормалары мемлекеттің стратегиялық басымдықтары ретінде бекітіліп, ғылыми және техникалық шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі.

Маңғыстау облысының өндірістік кәсіпорындарымен кездесу әсерлі өтті. Тұз қышқылы мен кальций хлоридін шығаратын «Topan Chemical Industries» зауытының ұжымы жаңа Конституциядағы лайықты еңбек құқығы, уақытылы және әділ жалақы, сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету нормаларын талқылады. Бұл ережелер мемлекеттік саясаттың айқын бағдары болып отыр.

Өндірістің болашағы туралы Коалиция мүшелері Жаңаөзен қаласында «ӨзенМұнайГаз» мұнайшыларымен де пікір алмасты. Әңгіме Конституцияның негізгі идеясы – «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидасы аясында өрбіді. Әлеуметтік және еңбек кепілдіктері, мұнай-газ саласын дамыту, жастардың ғылыми әлеуеті, отбасына қолдау көрсету, инновациялық технологияларды енгізу, «Заң пен тәртіп» қағидатының нығаюы сияқты мәселелер талқыланды. Осы аталғандардың барлығы Ата заң жобасында көрінісін тапты.

Мұнайшылар өңірдегі экология ахуалына бөлек тоқталды. Ұзақ уақыттан бері жұмыс істейтін Қошқар ата қалдық қоймасы орналасқан Маңғыстау облысы үшін жаңа Конституцияда жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру, табиғатты аялау, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау, апаттардың, ластанулардың және қалдық төгудің алдын алу бойынша жауапкершілігін бекіту ерекше өзекті болып отыр.

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесуде Қазақстанда тұратын 130-дай этнос пен 20-ға жуық конфессияның бірлігін бекемдеу мәселесі талқыланды. Ата заң жобасында этносаралық келісім принципі негізгі мемлекеттік бағдарлардың қатарында тұр. Бұл принцип преамбула мен бірқатар негізгі баптарда көрініс тапқан. Кемсітушілікке жол бермеу, мәдени алуандықты құрметтеу мемлекеттің стратегиялық құндылығы ретінде ерекше атап көрсетілген.

Барлық кездесулердің қорытындысы бойынша қатысушылар баршаға тең мүмкіндіктер қарастырылған «Әділетті Қазақстанды» құру жөніндегі Президенттің бастамасын қолдайтындарын білдірді.

 

Жалпыұлттық Коалицияның баспасөз қызметі

Суретті түсірген: Жаслан Жумабеков, Талгат Таныбаев

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • Тергеу аяқталды: Енді «Яндекс.Такси» жолақысын көтермейтін болды


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213