РЕФЕРЕНДУМ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

0
87

фото:ашықдереккөз

Астана – саяси шешімдер қабылданатын, халық пен биліктің арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда ерекше маңызға ие. 2 жыл бұрын өткен референдумда елордалықтардың 56 пайыздан астамы дауыс беруге белсене қатысқан. Ал алдағы күзде Президент айтқандай, атом-электр станциясын салуға қатысты маңызды кезеңге аяқ басса, қоғам жауапкершілікті сезінетіні анық. 1995 жылдан бері елімізде референдум 3 рет өткізілген.  Бүкілхалықтық дауыс беруде маңызды мәселе бойынша арнайы сұрақтар беріліп, «иә», «жоқ», «келісемін», «келіспеймін» немесе «қолдаймын», «қолдамаймын» деп жауап нұсқалары беріледі. Дауыс беру жасырын әрі азаматтардың өз еркімен өткізіледі.

«Осыған дейін 3 рет референдум өткіздік. Еліміз үшін маңызды нақты мәселелер туралы референдумдар қабылданады. Жобалар мен шешімдер бойынша халық оған дауыс береді. Референдум деген Қазақстан халқының үлкен мәселесі. Мұның маңыздылығы өте зор. Мысалы атом станциясын салу да Қазақстан үшін маңызды. Астанада референдумға 465 сайлау-учаскесі қатысады. Оның ішінде аумақтық-терреториялы комиссия бар» – Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бейсембай Жұмабеков.

 

Ж.Жұманбаева

zamandas.kz

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ