Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалық

Ресейде YouTube бұғатталуы мүмкін – БАҚ

Фото: © РИА Новости
Роскомнадзор Ресейде өткен аптада YouTube-ті бұғаттауы керек еді, бірақ Instagram-ның бұғатталуына байланысты шешім кейінге қалдырыдған болатын. Сондықтан бейнехостингке шектеу жақын күндері, бәлкім, бүгін де болуы мүмкін, – деп хабарлайды РИА Новости.

“Келесі аптаның соңына қарай YouTube бұғатталады. Мен мұны сенімді түрде айта аламын. Осы аптада бұғатталуы керек еді, бірақ Instagram  бұғатталатын болғандықтан шешім кейінге қалдырылды”, – деді дереккөз.

Сонымен бірге, ақпарат беруші бөгет бүгін де орын алуы мүмкін екенін айтты. Ведомство Роскомнадзордан ақпаратты растауды сұрады.

11 наурызда желі қолданушылары ресейліктерді зорлық-зомбылыққа шақыруға рұқсат бергендіктен, Ресейде Instagram-ға кіруге шектеу қойылды. 14 наурыздан бастап әлеуметтік желі толығымен бұғатталды. Наурыз айының басында Роскомнадзор ресейлік БАҚ-қа кіруді шектегеніне жауап ретінде Facebook-ті бұғаттады.

12 наурызда YouTube ресейлік мемлекеттік ақпарат құралдарын бұғаттай бастады.

Сәйкес жаңалықтар

Үкімет бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді

Президент Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Президент Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады