Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
КультураДуховность

«Астана – күй қанатында» атты домбырашы-күйшілер байқауы өтті

Елордада Астана әкімдігінің қолдауымен және Республикалық «Күй анасы» қорының бастамасымен Дина Нұрпейісова атындағы «Астана – күй қанатында» домбырашы-күйшілердің IІ қалалық байқауы өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жастардың ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткен байқауда 40 қатысушы бақ сынады.

Жалпы күй байқауы екі кезең бойынша өтті. Бірінші кезең онлайн форматта өтіп, нәтижесінде екінші кезеңге өткен 24 қатысушы анықталды. Олар Құрманғазының бір күйін және Дина Нұрпейісованың бір күйін орындады.

Байқау қорытындысы бойынша, 14-18 жас аралығындағы қатысушылар арасында бірінші орынға Ералы Таупих ие болды. Екінші орын Жазира Ораковаға, ал үшінші орын Қорғасбек Изатуллаға бұйырды. 19-35 жас аралығындағы қатысушылар арасында бірінші орынды Валерия Бөлекбай алды. Екінші орынға Ділнәр Анарбекова, ал үшінші орынға Ғалымжан Ғаббас ие болды.

Сәйкес жаңалықтар

Казахстанский музейный конгресс: более 100 исследователей из 12 стран

В Астане открытие Дней культуры Российской Федерации в Республике Казахстан ознаменовалось масштабным гала-концертом мастеров искусств

Наурыз в Астане: ИИ, цифровые юрты и миллионные охваты