Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениетРуханиятӨнер

Майра Мұхамедқызы Парижде жеке концерт берді

Қазақстанның алтын дауысы, Халық әртісі, белгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызы шығармашылық жолынының 30 жылдық мерейтойына орай Париждегі атақты Гаво залында жеке концертін өткізді.

Кеш бағдарламасына қазақ, француз, итальян, орыс және қытай классикасының таңдаулы туындылары енді. «Біржан мен Сара», «Ер Тарғын» және «Абай» операларынан орындалған ариялар, сондай-ақ әншінің орындауындағы қазақтың халық әндері көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Сахна төрінде Майра Мұхамедқызымен бірге пианист Әлияр Өтетілеу мен Шымкент қалалық опера және балет театрының квартеті өнер көрсетті.

Сәйкес жаңалықтар

Сенат Қазақстан мен Қытай арасында азаматтардың құқығын қорғау бағытындағы заңды мақұлдады

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл – фейк: жаңа ережеге түсіндірме

Қазақстан әлемдік брендтердің ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді локализациялап жатыр