Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықМәдениетРуханият

Моңғолиядан Қазақстан тарихына қатысты фото және киноқұжаттар табылды

«Архив – 2025» кешенді жоспары аясында шет ел архивтерінен Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қатысты тарихи құжат жинақтау мақсатында ҚР Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің делегациясы Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласына іссапармен барды. Бұл туралы zamandas.kz хабарлайды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында Моңғолия Ұлттық архивінен Қазақстанға қатысты құжаттар анықталып, 90 фотоқұжат және жалпы ұзақтығы 92 минуттық киноқұжаттың көшірмесі алынды.

Киноқұжатта Баян-Өлгей аймағының он және жиырма жылдығына арналған бейнеқұжаттары, қазақстандық делегацияның жергілікті қазақтардың тыныс-тіршілігімен танысуы туралы деректер бар. Ал фотоқұжаттарда Баян-Өлгей аймағындағы қазақ халқының тұрмысы, жергілікті театр әртістерінің қойылымдары, әр жылдары Моңғолия еліне сапарлаған қазақстандық өкілдер бейнеленген.

фото:ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Біз медицина қызметкерлері мен науқастарға қолайлы жағдай жасау бойынша жұмысты жалғастырамыз

«Бауырына салу» фильмі Бакуде марапат биігінен көрінді

Қазақстан мен Германия Президенттері келіссөз жүргізді