Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетРуханият

Жаңғыртылған кітапхана ашылды

Қонаев қаласында жаңғыртудан өткен қалалық кітапхана пайдалануға берілді.

Кітапхана заманауи стандарттарға сай жабдықталып, бір мезетте жүз адамға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Мұнда жоғары жылдамдықты интернет, коворкинг аймақтар, шығармашылық кеңістіктер мен заманауи әдебиеттер қоры қарастырылған.

Бұл бастама ғимаратты жаңғыртып қана қоймай білімге, оқуға және дамуға жетелейтін заманауи мәдени ортаны қалыптастырады.
Биыл жаңғырту жұмыстары Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылындағы және Қарасай ауданының Жандосов ауылындағы кітапханаларда да жүргізіледі.

Айта кетейік, республикадағы көпшілікке қолжетімді кітапханаларды жаңғыртудың 2025-2027 жылдарға арналған жол картасы аясында Батыс Қазақстан, Жетісу, Маңғыстау, Түркістан облыстарында барлығы 4 кітапхана салу жоспарланған.

Сәйкес жаңалықтар

«Ұлы дала үні»: Талдықорғанда 5000 домбырашы жаңа рекорд орнатты

Қазақстанда жүлде қоры 30 млн теңгені құрайтын патриоттық әндер байқауы жарияланды

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: елордалық мерген күміс жүлдегер атанды