Алматыда Әдебиет академиясы залы ашылды

0
187

Ұлттық кітапхана қабырғасында құрылған орталық жас ақындар мен прозашылардың өзін-өзі тануына, көркем шығарма жазудың бастапқы дағдыларын дамытуға жағдай жасайды. Сондай-ақ әдебиетсүйер қауым мен зиялы тұлғаларды біріктіретін шығармашылық орын болмақ. Залдың қызметі Жазушылар одағымен, Алматы қаласының басқару ұйымдарымен, мәдени және білім беру мекемелерімен бірлесіп жүзеге асырылады. Бүгінгі ашылу салтанатына ақын, жазушылар, жастар қатысты. Мұнда түрлі шаралар, кездесулер өткізу жоспарланған.

Мұратхан Шоқан – ақын, Әдебиет академиясы залының жетекшісі:

Оны біз кітапхананың сайтында және әлеуметтік желіде арнаулы жариялап отырамыз. Аптасына екі рет осында іс-шаралар өтеді. Кесте бойынша осы Ұлттық кітапхананың ережесіне сай.

Бақыт Беделхан – ақын, ҚР Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары:

Әдебиет академиясының залы ашылуы заңды деп ойлаймын. Қолдаймыз. Бұл Ұлттық кітапхананың, Жазушылар одағы болсын, біздің телевидение, радио саласы болсын, газет-журнал болсын бәрі біте қайнасып жұмыс істеген кезде ғана ұлттық руханияттың жандануы жалғасын табады деп ойлаймын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз