«Сарыарқа» хоккей клубы мемлекетке қайтарылды

0
145
Фото: olympic.kz

Қарағанды облысында «Сарыарқа» хоккей клубын мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы облыс прокуратурасы хабарлады.

Сондай-ақ прокуратура заңсыз берілген 37 жер телімін қайтарған. Ал мемлекетке өткен хоккей клубының құны 900 млн теңгеге бағаланған.

Қазір прокурорлар мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің заңдылығын тексеріп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз берілген жер телімдері мемлекетке қайтарылды. Өңірде кәсіпкерлер 10,2 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұзақ уақыт бойы негізгі мақсаты бойынша пайдаланбаған. Жер учаскелері мемлекет меншігіне өтті.

Сондай-ақ Қызылжар ауданында заңсыз берілген 47 гектар жер телімі мемлекетке қайтарылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ