Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарСаясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярды Мажарстандағы парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады

Ақорда
Мемлекет басшысы дауыс беру нәтижесі мажар халқы TISZA партиясының жетекшілері мен бағдарламасына жоғары деңгейде сенім білдіргенін көрсетіп, бұл Мажарстанның орнықты дамуын қамтамасыз ететінін атап өтті.
Президент Астананың Будапештпен стратегиялық серіктестікті нығайтуға айрықша мән беретініне тоқталып, қос халықтың игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярдың аса жауапты қызметіне табыс, ал достас мажар халқына құт-береке тіледі.

Сәйкес жаңалықтар

Шаңырақ күні: Астанада жаңа босанған аналар мен нәрестелерге сыйлықтар табыс етілді

Сеулдегі халықаралық көрмеде Алматының туристік стенді марапатқа ие болды

Мемлекет пен бизнес мүдделерінің балансын сақтау қажет – Смайылов