Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықСаясат

Ерлан Қошанов ресми сапармен Ресейде жүр

Фото: Жаслан Жұмабеков/Мәжіліс

 — Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың Ресей Федерациясына ресми сапармен келді. Сапар аясында 4-5 наурыз күндері Мәскеу және Қазан қалаларына барады деп жоспарланған. 

Мәскеуде Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен және Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен екіжақты кездесу өтеді.

Қазанда Мәжіліс төрағасы Татарстан Республикасының басшысы Рустам Миннихановпен және Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Фарид Мухаметшинмен кездеседі.

Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ өңіраралық экономикалық ынтымақтастық пен өзара мәдени-білім беру мәселелерін талқылайды.

Сәйкес жаңалықтар

Бектенов Kazakh Invest директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады

Алматыда Роза Бағланова тұрған үйде мурал салынды