Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСаясат

Мемлекет басшысы Алжир Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжирдің Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

– Біз Алжирді араб әлеміндегі сенімді серіктестеріміздің бірі деп қарастырамыз. Берік достық пен өзара түсіністікке негізделген қазақ-алжир қарым-қатынастары халықтарымыздың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенімдімін,– деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунның жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Алжир халқына құт-береке тіледі.

Сәйкес жаңалықтар

Олжас Бектенов Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Балық шаруашылығы су айдынында балықтандыру жұмыстары жүргізілуде

«Абай жолы» кітапханасы жобасы аясында 19 автордың 25 кітабы жарық көрді