Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСаясат

Мемлекет басшысы Хорватия Республикасының Президенті болып қайта сайланған Зоран Милановичті құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауында жеңіске жеткен Зоран Милановичке құттықтау жеделхатын жолдады.
Қазақстан Президенті жеделхатта Зоран Милановичтің жеңісін Хорватияның болашағын жарқын етуге бағытталған саясатына көрсетілген сенімнің айқын дәлелі деп бағалады.

Мемлекет басшысы Астана мен Загреб арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынастар қос халықтың игілігі үшін одан әрі нығаятынына үміт артатынын жеткізді.

Сәйкес жаңалықтар

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА ИНФЕКЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕ АШЫЛДЫ

zamandas69@mail.ru

Текелі ЖЭО-2 жөндеу жұмыстарынан кейін жабдықтардың тозуы екі есеге азайды

zamandas69@mail.ru

2026 жылғы 1 шілде Қазақстанның жаңа саяси даму кезеңінің басталған күні ретінде тарихта қалатыны анық.