Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиПолитика

Президент Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика күнімен құттықтады

Республика күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Дональд Трамптың құттықтау жеделхаты келіп түсті.

– Кейінгі бір жыл ішінде серіктестігімізді тереңдете түскенімізге қуаныштымын. Бұл халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтан бастап екі елге де пайдалы маңызды коммерциялық келісімдерге дейін қамтыды. 1991 жылы халықаралық аренада Қазақстанды егемен ел ретінде бірінші болып Құрама Штаттар таныған болатын. Сондықтан еліңіздің тәуелсіздігі мен егемендігін және аумақтық тұтастығын әрдайым қолдаймыз. Қазақстанның таңғаларлық экономикалық табыстарына америкалық компаниялар да зор үлес қосып келеді. Елдеріміз арасындағы берік достық ұзақ жылдарға жалғасатынына сенімдімін. Желтоқсан айында өтетін G20 саммиті аясындағы кездесуді асыға күтемін, – деп жазды Дональд Трамп.

Сәйкес жаңалықтар

На крупнейшей мировой кинологической выставке он будет представлять Казахстан и национальное достояние нашей страны казахскую тазы.

Инвестиции в интеллект: итоги реализации научных грантов в Казахстане за 2022-2025 годы

zd_admin

ОБРАЩЕНИЕ Центральной комиссии референдума