Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Саясат

Президент Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейн мен оның отандастарын Иорданияның төл мерекесі – Корольдің Таққа отырған күнімен құттықтады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.Президент Корольдің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Иордания халқына құт-береке тіледі.

Сәйкес жаңалықтар

Тараптар тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға толық ықпал етуге дайын екендіктерін жеткізді

Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Қазақстан мен Жапонияның арасы алыс болғанымен, достығымыз берік