Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Саясат

Трампқа тағы да қастандық жасалмақ болды

АҚШ-тағы президент сайлауына Республикалық партиядан түсіп жатқан кандидат, бұрынғы президент Дональд Трампқа тағы да қастандық жасалмақ болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиға 15 қыркүйек күні Флорида штатының Вест Палм-Бичтегі гольф алаңында болған. Reuters басылымының мәліметінше, Трамп тұрған жерден 100 метр қашықтықтан оқ атылған. Құпия қызмет агенттері бұл экс-президентке жасалған қастандық әрекет болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Күдіктіні тінту кезінде суық қару, екі рюкзак және GoPro бейнекамерасы табылды. Қазіргі таңда жасы 58-ден асқан Гавай тумасы – Райан Уэсли Роут ұсталды. Ол бұған дейін 8 рет әртүрлі себеппен қамауға алынған.

Ал Трамп әлеуметтік желі арқылы өзінің дін аман екенін жеткізді.

«Мен қауіпсіз жердемін. Ешкім зардап шеккен жоқ. Ештеңе мені тоқтата алмайды. Мен ешқашан берілмеймін!» – деді ол.

Еске салайық,  13 шілдеде Трампқа Пенсильваниядағы сайлауалды кездесуде қастандық жасалған болатын. Бұл оқиға кезінде ол жеңіл жарақаттанды.

Сәйкес жаңалықтар

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді

Орталық сайлау комиссиясы қай партиялардың Мәжіліске өткенін хабарлады

Мемлекет басшысы Mediterranean Shipping Company аға вице-президенті Эдуард Зигристті қабылдады