Сегіз мықты анықталды

0
124

Футболдан УЕФА Чемпиондар лига­сының ширек финалына шыққан командалар толықтай анықталды. Кеше аталған турнирдің соңғы екі ойыны өтті.

«Энфилде» «Ливерпульді» 5:2 есебімен жеңген Мадридтің «Реалы» «Сантьяго Бер­набеуде» де өз жанкүйерлерін жерге қарат­қан жоқ. Бұл бәсекенің тағдырын 79-минутта Карим Бензема соққан жалғыз гол шешті – 1:0. Сол секілді Неапольдің «Наполи» клубы да сырт алаңда «Айнтрахтан» 2:0 есебімен айласын асырған еді. Диего Армандо Марадона атындағы стадионда олар тіпті атойлады. Бірінші кезеңінің соңғы секундтарында Виктор Осимхен есеп ашса, үзілістен кейін дәл сол футболшы дубльдің авторы атанды. 64-минутта Петр Зелиньски 11 метрлік нүктеден нысананы дәл көздеді – 3:0. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Челси» мен «Манчестер Сити» (Англия), «Бенфика» (Португалия) мен «Милан» және «Интер» (Италия) мен «Бавария» (Германия) ширек финалға жолдама алған еді.

Ал Қазақстан чемпионатында үшінші тур өз мәресіне жетті. Соңғы екі кездесуде қонақ­­тар басым түсті. Атап айтсақ, «Атырау» «Мақта­­аралды», ал «Қызылжар» «Оқжетпесті» жеңді. Бұл матчтардың екеуінде де 0:1 есебі тіркелді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ