Сенатта мәслихат хатшыларының жалақысы мәселесі көтерілді

0
583

Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы мәслихат хатшылары мен тексеру комиссиясының мәртебесіне қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің депутаттық сауалымыз көптен бері айтылып, бірақ осы кезге дейін шешімін таппай келе жатқан еліміздегі аудандық, қалалық және облыстық мәслихат хатшылары мен тексеру комиссиясының мәртебесіне қатысты болмақ. Біздер таяуда өңірлерде іссапарда болғанымызда жергілікті мәслихаттардың мәртебесін көтеру бойынша жұмыстарда әлі де шешімін таппаған мәселелердің бар екенініне куә болдық. Атап айтқанда, Үкіметтің 2021 жылғы маусымдағы қаулысына орай, жергілікті деңгейде қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 2 еседен артық көтерілген, алайда барлық деңгейдегі мәслихат хатшыларының еңбек ақысы сол бұрынғы қалпында қалып қойды.

Осы орайда айта кету керек, мұндай жағдай 2016 жылы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы көтерілгенде де орын алған еді.

Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, мәслихат хатшылары мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес жалақы алып, мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметіне толық жауапты болғанымен, мемлекеттік қызметші болып табылмай, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлға ретінде қаралады», – деді Мұрат Бақтиярұлы Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына жолдаған сауалында.

Оның айтуынша, мәслихат хатшылары мемлекеттік саяси және мемлекеттік әкімшілік лауазымдық деңгейлер мен функционалдық блоктар бойынша бөлініске енгізілмеген. Сондықтан мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілердің лауазымдық айлық ақыларының схемасына да енбегендіктен жалақысы көтерілмей қалды. Мысалы аудандық деңгейдегі мәслихат хатшысы аудандық мәслихат аппарат басшысынан екі есе, бөлім басшысынан 50% төмен жалақы алады. Ал облыстық мәслихат хатшысы облыстық мәслихат аппарат басшысынан 50% төмен жалақы алады. Мәслихат хатшыларының мәслихат аппарат қызметкерлерінен төмен жалақы алуы, лауазымдық иерархия қағидаларының сақталмауына әкеліп соғуда.

«Дәл осындай жағдай тексеру комиссиясы төрағалары мен тексеру комиссиясы мүшелерінің жалақысына да қатысты орын алып отыр. Тексеру комиссиясы төрағаларының жалақысы тек 33%-ға, тексеру комиссия мүшелерінің жалақысы17%-ға ғана көбейді, ал басқа мемлекеттік қызметшілердің жалақысы екі немесе одан да көп есеге өсті. Бұл ретте тексеру комиссия мүшелері өз өкілеттіктеріне сәйкес, жергілікті атқарушы органдар қызметі тиімділігінің тәуелсіз қорытындысын әзірлейтінін атап өткен жөн. Осыған орай, барлық деңгейдегі мәслихат хатшылары мен тексеру комиссиясының мәртебесін Қазақстан Республикасының заңнамаларымен реттеу туралы мәселені қарастыруыңызды сұраймыз», – деді сенатор Премьер-Министрге жолдаған сауалында.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ