Сенатта Жоғарғы соттың жаңа судьялары сайланды

0
111

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Жоғарғы соттың 5 судьясы сайланды деп хабарлады turkystan.kz.

Жоғарғы сот судьясы лауазымына Ерлан Жұмаханұлы Айтжанов, Ғабит Өмірханұлы Әлжанов, Гүлмира Ғазизқызы Исамберлиева, Ерлан Смадиярұлы Қосмұратов, Нұрлан Қаскенұлы Құрманғалиев сайланды.

«Мемлекет басшысы аталған азаматтарды Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайлау туралы ұсынымды енгізді. Таныстырылған бұл адамдардың көп жылдық судьялық еңбек өтілі бар», – деді Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп.

Сенат депутаттары аталған кандиттарды қолдап, тиісті қаулы қабылданды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ