ШҚО-да бір күнде 6 өрт болды

0
27

Шығыс Қазақстан облысында бір күнде 6 өрт шықты, – деп хабарлайды Zamandas.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 26 қазан күні Алтай ауданы Соловьево кентіндегі шаруа қожалығының қорасы өртенген. Жалынның жалпы ауданы 9 шаршы метрге жеткен.

«Сол күні Риддердегі Бутаково ауылында монша жанды. Өрт көршілес орналасқан қараусыз қалған үй мен шаруашылық қора-жайға жайылды. Құтқарушылар жалпы ауданы 80 шаршы метрді құраған тілсіз жауды өшірді. Өрттің шығуына – отты абайсыз қолдану себеп болуы мүмкін», – делінген ақпаратта.

Глубокое ауданындағы Тоқтаров көшесінде жеке тұрғын үй ауласында орналасқан қора-жайдың ағаш құрылымдары отқа оранған. Қызыл жалын 40 шаршы метр алаңдағы құрғақ шөпке де тарап кетті.

«Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер отты көп ұзамай ауыздықтады. Сондай-ақ осы күні Үржар және Катонқарағай аудандарында жер үйде өрт шыққан. Бұдан бөлек, Көкпекті ауданында жеке тұрғын үйдің ауласында 3 тонна шөп өртенген», – делінген хабарламада.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ