ШҚО-да екі бойжеткен жауапсыз махаббаттың салдарынан суицид жасаған

0
40
фото: Halyq Uni
Психологтар ата-аналардан балаларға көп көңіл бөлуін сұрайды

Қайғылы жағдай 2023 жылдың аяғында Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое және Күршім ауданында болған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Полиция мәліметінше, жасөспірім қыздар өлер алдында хат жазып қалдырған. Олар хатта сезімі туралы жазып, өліміне ешкімді жазғырмауын сұраған. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Былтырдың өзінде облыста жасөспірімдер арасында 37 суицид дерегі тіркелген.

Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауына немесе суицидке баруына көбіне ата-анасымен, өгей әкесімен немесе қамқоршымен арадағы жанжалдар себеп болады. Аталған себептерге байланысты 11 дерек тіркелді. Эмоциялық күйзеліс пен жауапсыз махаббат 6 жасөспірімнің өліміне себеп болды. Оқудағы қиындықтарға байланысты 2 дерек тіркелді. Қылмыстық жазадан қорқу, жақындарынан айырылу немесе жай ғана өмірден баз кешу секілді түрлі себеппен 10 дерек тіркелді, – дейді ШҚО ПД тергеу бөлімінің жетекшісі Дәурен Имандиев.

Осыған байланысты психологтар ата-аналардан балаларға көп көңіл бөлуін сұрайды.

«Ата-ана мен балалардың арасы алыстап кеткенін байқап отырмыз. Ересектер материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету, ақша табу мәселесіне көбірек бас ауыртады. Сөйтіп жүріп, олар баланың эмоциялық жағдайына назар аудармайды. Бұл жағдай өзара жанжалға себеп болады. Өйткені 30%-дан астам жағдайда жасөспірімдер ата-анасымен болған жанжалдан кейін өзіне қол жұмсайды», – дейді облыстағы психологиялық көмек және қолдау орталығының жетекісіші Лилия Куземко.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз