Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Шавкаттың қарындасы UFC-ге өту үшін жеңілмеген литвалық файтермен кездеседі

Шавкат Рахмоновтың қарындасы, қазақстандық спортшы Сора Рахмонова (4-1) UFC-ге жолдама алу үшін Dana White’s Contender Series іріктеу турнирінде дебют жасап, жеңіліп көрмеген литвалық Эрнеста Карецкайтемен (4-0-1) кездеседі деп хабарлады turkystan.kz

Турнир 26 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.

Рахмонова соңғы жекпе-жегін мамыр айында Алматыда өткен Naiza FC 51 турнирінде Валерия Карыгинаға қарсы өткізген болатын. Ресейлік файтерді мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін Сора UFC президенті Дана Уайтқа ұсыныс жасаған еді.

Ал Карецкайте соңғы рет қаңтарда Hexagone MMA 6 турнирінде жекпе-жек өткізіп, француз Летиция Блотты төрешілер шешімімен жеңді.

Сәйкес жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ӨКІЛІ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ТӨРЕШІ БОЛАДЫ

Бұл турнир — әлемдік дзюдо аренасындағы ең жоғары дәрежелі жарыстардың бірі

Қарағанды облысының спортшысы әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде үздік үштікке енді