Шетелдік жанкүйерлер Жәнібек Әлімханұлын жазалауды талап етті

0
111
Фото: Sports.kz

—Жәнібек Әлімханұлының екі бірдей чемпиондық титулдың тағдырын шешетін Андрей Михайловичке қарсы жекпе-жегі өтпей қалды. Бұған Жәнібектің «салмақ қууға» байланысты жекпе-жектен бірнеше күн бұрын ауруханаға жатқызылуы себеп болды, деп жазады Sport.kz

Шетелдік бокс әуесқойлары, соның ішінде Андрейдің жанкүйерлері бұл жағдайға үндемей қала алмады.

Көбісі қазақстандыққа тезірек сауығып кетуді тілесе, басым көпшілігі Жәнібек пен оның командасының әрекеті кәсібилікке жатпайтынын айтып, сынға алды.

Бокс әуесқойларының тағы бір бөлігі бұл «салмақ қуудың» жекпе-жек өнеріндегі бұрыннан келе жатқан мәселе екенін айтты, содан кейін Жәнібекке жоғары салмақ дәрежесіне өтуді ұсынды.

Андрей Михайловичтің кейбір жанкүйерлері Жәнібек Андреймен жекпе-жектен қашу үшін және атақтарын жоғалтпау үшін әдейі салмағын көтере алмады деген пікір қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Андрей Михайловичке қарсы өтетін жекпе-жек алдында есінен танып қалған болатын.

Артынша промоутер Жәнібек Әлімханұлының ауруханаға түсіп қалуына қатысты мәлімдеме жасады.

Кейін Жәнібек өзі жағдайы туралы жазба жариялады.

Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы Михайлович өтпей қалған жекпе-жек туралы ренішін білдірген еді.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ