Шілдеден бастап көмір қымбаттайды

0
398

1 шілдеден бастап электр энергиясының тарифтері өседі. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Энергетика министрінің бұйырық-жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство түсіндірмесіне сай, электр энергиясының қымбаттауы алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындықпен байланысты.

«Орташа алғанда отынның құрамдас бөлігі 17% деңгейіне дейін қамбаттауы болжанады. Богатырь-Көмір өндіру орнындағы көмір құнының өсуі күтіледі:

– 2023 жылғы 1 қаңтардан 30 маусымға дейін 7%-ға (2 774 теңгеден 2 968 теңгеге дейін);

– 2023 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін 5%-ға (2 968 теңгеден 3 092 теңгеге дейін).

Жалпы, 2023 жыл ішінде тасымалдаумен бірге, көмірдің құны орта есеппен 25%-ға артады», – деп жазылған құжатта.

Бұған қоса, электр энергиясын өндіретін ұйымдар үшін тауарлық газдың құны орта есеппен 10%-ға қымбаттайды.

«Шекті тарифті түзету жылыту кезеңінен өтуге дайындық шеңберінде жөндеу жұмыстарының қажетті көлемін жабу үшін қажет. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары тарифте көзделген көлемде ғана жүргізіледі. Бірақ, тозу мен апаттылықты төмендету бойынша қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін талап етілетін көлемде емес», – деп түсіндірме берілген бұйырық-жобасына.

Тарифтердің қанша пайызға қымбаттайтынын мына сілтеме бойынша өтіп, көре аласыз.

Құжат 22 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ