Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетРуханият

«Шоқаны бар елдің шоқтығы биік» атты көрме ашылды

2025 жылдың 30 сәуірінде ҚР Орталық мемлекеттік музейінде Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқаны бар елдің шоқтығы биік» атты көрме ашылды.

Онда ғалым-энциклопедистің өмірі, шығармашылығы мен ғылыми зерттеулері туралы материалдар қойылған.
Атап айтсақ, қолжазбалар мен еңбектері, Ресей Географиялық қоғамының мүшелігіне сайланғаны туралы дипломның көшірмесі, жеке заттары — бөркі, мылтықтың дүмі, Қашғар экспедициясынан әкелінген бірегей қытай вазасы, жорық торсығы, мыс кесе, зерлі белдік және басқа да құнды жәдігерлер бар. Көрмеге ұсынылған экспонаттар Орталық мемлекеттік музей мен «Алтынемел» мемориалдық музейінің қорынан алынған.

Көрмеде ерекше орын алған сирек жәдігерлердің қатарында Шоқан туыстарының бұйымдары да бар. Оның ішінде қарындасы Тәжібай киген аққу қауырсынынан тігілген сирек шапан, Бәдүгүл апасының бешпенті мнн белгілі кеңес суретшісі Н. Я. Третьяков салған Шоқан Уәлихановтың портреті бар.

Көрме аясында «Шоқанның ғылыми мұрасы» атты дөңгелек үстел өтті. Оған белгілі тарихшы, философ, этнограф, географ және музейтанушы ғалымдар қатысты. Мамандар Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндамалар жасап, ғалымның ғылыми мұрасының маңызы мен рөлін талқылады.

Сәйкес жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады

АҚШ Bereke bank-ке салынған санкцияны алып тастады