Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Шоу-бизнес

Димаштың Армениядағы концертінде күтпеген жағдай болды

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің Армениядағы концертінде күтпеген жағдай болды. Ол жоғарыдан салбырап тұрған баланы ұстап алды деп жазды Massaget.kz сайты.

Бұл видеоны өнер иесі Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

«Жоғарыдан ыстық ықылас пен балалар жауды. Армениядағы концертімізді осылай аяқтадық. Лүпіл қойғаныңызға рақмет» деп жазды ол видеоның сипаттамасына.

Видеода Димаш Құдайберген жанкүйерлерімен бірге залда жүріп келе жатқанын және күтпеген жерден жоғары қатардан салбырап тұрған баланы көтеріп алғанын көруге болады. Өнерпаз еш қиналмай, бір қолмен баланы көтеріп, екінші қолымен микрофонды ұстап, әнін жалғастыра берді.

Желі қолданушылары өнер иесінің бұл қылығына тәнті болып, түрлі пікір қалдырған.

Сәйкес жаңалықтар

Атыраулық әйел Бейбіт Қорғаннан 4 жасар баласы барын айтты: жағдайға әншілер пікір білдірді

Тағы бір университет бас лицензиясынан айырылды

zd_admin

Бұрынғы күйеуіне қатысты шындықты айтты