Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Шоу-бизнес

Екі апта ішінде 1 миллиард касса жинаған

фото: скрин
Бұл жайлы фильмнің продюсері Серік Ибрагимов мәлімдеді.

Жақында үлкен экранға жол тартқан «Zamanback» фильмі екі апта ішінде 1 миллиард касса жинаған. Бұл жайлы фильмнің продюсері Серік Ибрагимов мәлімдеді.

«Сүйінші! Алланың қалауымен, сіздердің қолдауларыңызбен ZamanBack фильмі рекордқа қадам басты. Біз сіздерді құттықтаймыз! Бұл халықтық фильм! Екінші толқын басталды», — деп жазды Серік Ибрагимов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары продюсерге ізгі тілектерін жазған.

Дистрибьюторлардың айтуынша, Серік Ибрагимов түсірген комедия отандық кинотеатрларда 18 күн ішінде 1 миллиард 44 миллион теңге табыс тапса, оның 46 пайызы, яғни 480 миллион теңгесі Kinopark және Kinoplexx желілерінің кинотеатрларынан түскен.

Сәйкес жаңалықтар

Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

zd_admin

В международном музыкальном конкурсе “Интервидение” Казахстанец Ернар Садирбаев, известный как популярный исполнитель Әмре, выступит на сцене седьмым.