Шымкентте 3 мектептің оқушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді

0
11

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері кәмелет жасқа толмағандар жөніндегі мектеп инспекторлары №122, №51, №56 мектептің оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бұл дәрістің басты мақсаты – ағымдағы жылдың 13-19 қыркүйек аралығында өтіп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында құқықбұзушылықтың алдын алу. Төбелес, бопсалау жайтының жолын кесу, құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс аумақта болу жайттарын анықтау.

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталатын заттарды (атыс, суық қару, денсаулыққа зиян келтіре алатын басқа заттар, есірткі және психотроптық заттар) тәркілеу болып табылады.

Дәріс барысында оқушылармен сұрақ-жауап айдарын ұйымдастырып, өз ойларын ортаға салды. Тәртіп сақшылары оқушыларды тәртіпті болуға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды.

Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы хабардар етілді.

 


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз