Шымкентте бойжеткен көлікпен есірткі таратқан жерінен ұсталды (ВИДЕО)

0
102
Фото: polisia.kz

Шымкентте Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері көлікпен есірткі таратып жүрген бойжеткенді ұстады.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, бұрын медбике болып жұмыс істеген қыз есірткіні жолдың шетіне лақтырып жатқан жерінен ұсталды. Ол полицияны байқап, психтроптық заттан тез құтылу үшін есірткіні жолдың шетінде тұрған көлігінің астына лақтырып жіберген. Жедел қызметкерлер буманың ішінен бір реттік 20 доза «синтетиканы» тапты.

Полиция бойжеткеннің көлігінің салонын тексеру кезінде тағы бір шағын орам гашиш тәркіледі. Содан кейін салонның оң жағындағы еден кілемшесінің астынан құпия орындарды қазуға арналған пышақ табылды.

Қазір Еңбекші аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ