Си Цзиньпин ҚХР басшысы болып қайта сайланды

0
100

Жалпықытайлық халық өкілдері жиынының (ЖХӨЖ, парламент) депутаттары Си Цзиньпиньді үшінші бес жыл мерзімге ҚХР төрағасы қызметіне сайлады, деп хабарлайды Egemen.kz «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

ЖХӨЖ депутаттары дауыс беру кезінде бірауыздан Си Цзиньпиньді қолдады.

Сондай-ақ Си Цзиньпин ҚХР Орталық әскери кеңесінің төрағасы қызметіне де қайта сайланды.

Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Чжао Лэцзи Жалпықытайлық халық өкілдері жиыны Тұрақты комитеті – елдің жоғарғы заңнамалық органының төрағасы қызметіне сайланды.

Сонымен қатар ЖХӨЖ депутаттары Хань Чжэнді ҚХР төрағасының орынбасары лауазымына сайлады.

Дауыс беру 14-шақырылым ЖХӨЖ бірінші сессиясының үшінші пленарлық отырысы кезінде өтті.

5-13 наурыз аралығында Бейжіңде жыл сайынғы ЖХӨЖ сессиясы өтіп жатыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ