Солтүстік Корея басшысы Ресейге барады

0
253
Фото: bbc.com

Қыркүйек айында Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын Ресейге баруы мүмкін. Бұл туралы BBC The New York Times газетіне сілтеме жасап хабарлады.

Британ агенттігінің мәліметіне қарағанда, Солтүстік Корея лидері Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, қару-жарақ саласы бойынша ынтымақтастықты талқылағысы келеді.

The New York Times басылымы Ким Чен Ын мен Путиннің кездесуі екі ел шекарасына жақын Владивосток қаласында өтуі мүмкін. Оған Солтүстік Корея президенті бронды пойызбен барады. Қазір кездесудің қай күні өтетіні айтылып жатқан жоқ. Бірақ АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Эдриенн Уотсонның айтуынша, ол Владивостокта 10-13 қыркүйекте өтетін Шығыс экономика форумы кезінде болуы ықтимал деп жазды, – делінген материалда.

Америкалық шенеуніктің айтуынша, Путин Ким Чен Ыннан Украинадағы соғыс үшін артиллериялық снаряд пен танкіге қарсы зымырандарды, ал Солтүстік Корея Ресейден спутниктер мен атомдық сүңгуір қайықтарға арналған заманауи технологиялар мен азық-түлік алғысы келеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ